2014 жылғы 21 қараша, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы 2001 жылғы 14 маусымдағы № 299 шартқа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шарт туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 655 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі – Қор) сенімгерлік басқару кезінде инвестициялық операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.»;
10, 11, 12-тармақтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-2-тармақпен толықтырылсын:
«16-2. Алтын портфелі – бұл мақсаты валютадағы активтердің халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығының ықтимал төмендеуінен сақтау және қорғау болып табылатын, ішкі және/немесе сыртқы алтыннан тұратын портфель.»;
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Құрылымдық өнім – әр түрлі қаржы құралдарының бірігуі болып табылатын активтер мен міндеттемелердің жиынтығы.
20. Активтерді тактикалық бөлу (tactical asset allocation) – эталондық портфель және оның рұқсат етілген ауытқулары шеңберінде қаржы құралдарының түрлі кластарының үлесін қаржы құралдарының, оның ішінде туынды қаржы құралдарының портфеліне/портфелінен сатып алу/сату/аудару жолымен өзгерту. Портфель активтерін тактикалық бөлу портфельдің кірістілігін эталондық портфельмен салыстырғанда арттыру мақсатында жүргізіледі.»;
2-тарау мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Алтын депозит (салым) – келісілген пайыздық мөлшерлемеде белгілі бір кезеңге салынған металл шоттарындағы алтын салымы.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қордың портфельдерін басқару жөніндегі жалпы стратегия»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қордың активтері тұрақтандыру портфеліне, жинақ портфеліне және алтын портфеліне бөлінеді.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Шетел валютасындағы және алтын депозиттері (салымдар) A-1 (Standard&Poor’s)/(P1 Moody’s) төмен емес қысқа мерзімді кредиттік рейтингі бар және A (Standard&Poor’s)/A2 (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар қарсы әріптестерде орналастырылады. Шетел валютасындағы депозиттердің (салымдардың) ең көп мерзімі – 1 (бір) ай. Алтын депозиттерінің (салымдарының) ең көп мерзімі осы Ереженің 56-4 тармағында көзделген.»;
3-тарау мынадай мазмұндағы 35-4-тармақпен толықтырылсын:
«35-4. Мемлекеттік бағалы қағаздың кредиттік рейтингі (Standard&Poor’s немесе Moody’s) болмаған кезде мемлекеттік бағалы қағаздың кредиттік рейтингі берілгенге дейін эмитенттің кредиттік рейтингі қолданылады.»;
36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексінің құрамы тұрақтандыру портфелінің эталондық портфелі болып саналады. Бұл индекс өтеу мерзімі алты айға дейінгі АҚШ-тың қазынашылық вексельдерінен тұратын Merrill Lynch компаниясының индексі болып табылады. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.
37. Тұрақтандыру портфелі АА - Standard&Poor’s / Aа2 - Moody’s төмен емес кредиттік рейтингі бар елдердің өтімділігі жоғары активтерінен тұрады.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Әлемнің дамыған елдерінің мына:
Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) - 30 (отыз) пайыз;
Merrill Lynch 1-5 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EVDF) - 26 (жиырма алты) пайыз;
Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) - 10 (он) пайыз;
Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) – 10 (он) пайыз;
Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) – 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) – 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) – 5 (бес) пайыз;
Merrill Lynch Hong Kong Government Index, 1-5 Yrs (GVHK) – 3 (үш) пайыз;
Merrill Lynch Singapore Government Index, 1-5 Yrs (GVSP) – 2 (екі) пайыз;
Merrill Lynch Danish Governments, 1-5 Yrs (GVM0) – 2 (екі) пайыз;
Merrill Lynch Swedish Governments, 1-5 Yrs (GVW0) – 2 (екі) пайыз
өтімділігі жоғары бағалы қағаздардан тұратын облигацияларының Композиттік Индексі жинақ портфелінің кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелі үшін эталондық портфель болып саналады.
Осы индекстегі эталондық бөлуге қайта оралу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Бағалы қағаздардың индекстегі құрамы ай сайын өзгереді. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Бағалы қағаздың ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі – BBB (Standard&Poor’s)/Baa2 (Moody’s). Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі (Standard&Poor’s/Moody’s) бойынша лимиттер белгіленеді.
Рұқсат етілген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі (Standard&Poor’s/Moody’s) бар корпоративтік эмитенттің бағалы қағаздарына кредиттік рейтингі (Standard&Poor’s/Moody’s) болмаған жағдайда, бұл корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешімді Ұлттық Банк Басқармасы қабылдайды.
Ақша нарығының корпоративтік бағалы қағаздар эмитентінің ең төменгі қысқа мерзімді кредиттік рейтингі – А3(Standard&Poor’s)/P3(Moody’s).
Эталондық портфельге кірмейтін АА-(Standard&Poor’s)/Aa3(Moody’s) және одан да төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері үшін жинақ портфеліндегі ең көп ауытқулар осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес айқындалады.
Жылжымайтын мүлікке (MBS) немесе активтерге (ABS) кепілге салынған бағалы қағаздардың кредиттік рейтингілері ААА-дан ВВВ – Standard&Poor’s дейін немесе Ааа-дан Ваа2 – Moody’s дейін болады.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Жинақ портфелінің акциялар пакеті (Global Equity) үшін MSCI World Index (MXWO) индексі - Morgan Stanley Capital International компаниясы жасайтын, әлемнің дамыған елдері компанияларының акцияларынан тұратын индекс эталондық портфель болып табылады. Кірістілік көрсеткіші күн сайын есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
«5-1. Алтын портфелінің өлшемдері
56-1. Алтын портфелі құйма түрінде және металл шоттардағы ішкі (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалында) (бұдан әрі – Орталық) орналастырылған) және сыртқы (Қазақстан Республикасынан тыс орналастырылатын) алтыннан тұрады.
56-2. Валютадағы активтерді сақтау және халықаралық қаржы нарықтарындағы тартымдылығын ықтимал төмендеуден қорғау алтындағы активтерді басқару мақсаты болып табылады. Үстеме кірістілік алу алтындағы активтерді басқарудың мақсаты болып табылмайды.
56-3. Алтын портфелінің көлемі аудару сәтінде Қордың көлемінен 5 (бес) пайыздан аспайды.
56-4. Активтермен қамтамасыз етілмеген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 1 (бір) жылдан аспайды. Активтермен қамтамасыз етілген алтындағы депозиттің (салымның) ең көп мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды. Қамтамасыз ету ретінде осы Ережемен инвестициялау үшін рұқсат етілген, ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі АА-(Standard&Poor’s)/Aa3(Moody’s) және одан жоғары болатын мемлекеттік бағалы қағаздар болады.
56-5. Алтынды Орталықтағы шоттарға есептей отырып оны ішкі нарықта сатып алған кезде бұл алтын ішкі алтын позицияларына жатады, ал оны Қазақстан Республикасынан тыс ашылған шоттарға есептеген кезде Қордың сыртқы алтынының позицияларында есепке алынады.
56-6. Сыртқы алтынның көлемінен 25 (жиырма бес) пайызға дейін AAA(Standard&Poor’s) немесе Ааа (Moody’s) төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар және өтеу мерзімі 10 (он) жылдан аспайтын алтынның бағасына байланысты бағалы қағаздарға инвестициялауға жол беріледі.»;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Кастодиан Ұлттық Банкке Қор активтерінің мониторинг жүйесін ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 63-1, 63-2, 63-3-тармақтармен толықтырылсын:
«63-1. Эмитент рейтингі A+ (Standard&Poor’s)/А1 (Moody’s)-тен төмен емес халықаралық қаржы ұйымдары және тәуелсіз агенттіктер шығарған құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етіледі.
63-2. Ақша ағындары және/немесе негізгі өтеу сомасы валюталық, шикізат нарықтарына және/немесе акциялар нарықтарына не кредиттік оқиғаларға байланысты құрылымдық өнімдерді сатып алуға рұқсат етілмейді.
63-3. Егер құрылымдық өнім бойынша нарықтық қайта бағалау болған жағдайда, оны сатып алуға жол беріледі.»;
64, 65, 66, 67, 68 және 69-тармақтар алынып тасталсын;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Құрылымдық өнімдерге қолданылатын шектеулер MBS-қа және ABS-қа қолданылмайды.»;
1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
4, 5, 6-қосымшалар осы қаулының 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ.КЕЛІМБЕТОВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
____________
2014 жылғы 18 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 21 қарашадағы №223 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесіне 1-қосымша
Кредиттік рейтингтер
Standard & Poor’s Moody’s
Ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер
ААА Ааа
АА+ Аа1
АА Аа2
АА- Аа3
А+ А1
А А2
А- А3
BBB+ Baa1
BBB Baa2
Қысқа мерзімді кредиттік рейтингтер
А-1+, А-1 Р-1
А-2 Р-2
A-3 Р-3
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 21 қарашадағы №223 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесіне 4-қосымша
Кірісі белгіленген бағалы қағаздар портфелінің секторлық бөлінуі
Ең төменгі Ең жоғары
Қолда бар валюта (ағымдағы шоттардағы қалдықтар; келесі жұмыс күні қайтару мүмкіндігімен ақша нарығының қорларына орналастырылған қаражат), эталондық портфельге кіретін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) және агенттік борыштық міндеттемелері 60% 100%
Халықаралық қаржы ұйымдарының борыштық міндеттемелері 0% 30%
Эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік (тәуелсіз) борыштық міндеттемелері, агенттік борыштық міндеттемелері 0% 40%
Депозиттер (салымдар), оның ішінде репо операцияларынан депозиттерге орналастырылған қаражат 0% 30%
Туынды құралдар (Tracking Error бойынша шектеумен реттеледі) 0% 50%
Құрылымдық өнімдер (MBS, ABS қоспағанда) 0% 30%
Жылжымайтын мүлікке (MBS) және активтерге (ABS) кепілге салынған бағалы қағаздар 0% 30%
Корпоративтік және коммерциялық бағалы қағаздар (ECP) 0% 30%
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 21 қарашадағы №223 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесіне 5-қосымша
Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді
кредиттік рейтингі (Standard&Poor’s)/Moody’s) бойынша лимиттер
Жинақ портфелінің жеке басқарушысының портфеліндегі корпоративтік
бағалы қағаздар Ең төменгі Ең жоғары
BBB/Ваа2-ден бастап қоса алғанда ВВВ+Ваа1 дейін (BBB/Ваа2 ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар үлес 2%-дан аспауға тиіс) 0% 4%
A-/А3 бастап қоса алғанда A/А2 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар 0% 8%
А+/А1 бастап қоса алғанда AA-/Аа3 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар 0% 12%
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 21 қарашадағы №223 қаулысына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесіне 6-қосымша
АА-(Standard&Poor’s)/Aa3(Moody’s) ұзақ мерзімді және одан төмен кредиттік рейтингі бар эталондық портфельге кірмейтін елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері үшін жинақ портфеліндегі
ең жоғары ауытқулар
Активтердің түрі Нарықтық құны
Ең төменгі Ең жоғары
ВВВ/Baa2 бастап қоса алғанда BBB+/Baa1 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері (ВВВ/Baa2 ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар үлес 3%-дан аспауға тиіс) 0% 6%
А-/А3 бастап қоса алғанда А/А2 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері 0% 9%
А+/А1 бастап қоса алғанда АА-/Аа3 дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік борыштық міндеттемелері 0% 18%
Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9986 болып енгізілді.